«Алмалы» — жаңа тұрғын аудан
Мұнда өмір сүргің келеді!

2-777-777

Технологиялар

Біз пәтерлердің келешекте онда тұратын отбасыларының қажеттіліктеріне сүйеніп, өмір сүрудің қазіргі заманғы стандарттарын ескеріп, тек қана сапалы техникалық шешімдерді қолдана отырып жасаймыз.

"Алмалы" тұрғын ауданының барлық пәтерлеріне металл пластик терезелер, металл кіреберіс есіктер орнатылуда. Дайын күйінде тапсырылатын пәтерлердегі бөлмеаралық есіктер, санфаянс - алдыңғы қатарлы өндірушілердікі, бөлмелерге тұсқағаздар жапсырылған, еденде – сапалы төсем.

Кешенің технологиялық жабдықталуы мен қазіргі заманғы инженерлік жүйелер «АЛМАЛЫ» тұрғындарының өз баспаналарының шығындарын бақылауына мүмкіндік береді.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үйлердің кіреберісі аудиодомофонмен жарақталған, бейнебақылау орнатуға мүмкіндік бар. "Алмалы" аумағында полиция тірек бекеті орналасады, ол тұрғын аудандағы тәртіпті қамтамасыз ететін болады.

Тұрғын ауданның тиімді қызметін және инженерлік-сервистік қызмет көрсетуді ПИК қамтамасыз ететін болады. Оның құрамына электриктер, сантехниктер мен лифтшілердің мобильді топтары кіреді.

"Алмалының" монолитті үйлері тұрғын нысандарына қойылатын барлық қазіргі заманғы талаптар ескеріле отырып салынуда
Printing error
Разрешение №2, 3 на привлечение денег дольщиков от 07.06.2017 года Разрешение №5 на привлечение денег дольщиков от 21.06.2017 года Застройщик: ТОО «Корпорация БАЗИС-А» Уполномоченная компания: ТОО «Строй Комфорт Девелопмент»